Оңтүстікке айда!

Қымбатты достар! Баршаңызды ел тәуелсіздігінің 20-жылдығымен құттықтаймыз! Қазакстандықтардың бәріне денсаулық пен береке, өркениет пен бейбіт өмір тілейміз! 

Енді өз жағдайымыз жайында: 80-ендікке жеткенде ғана ғаламтор жүйесіне қосылдық. Тәулік бойы қатынастан ажырап, байланысқа шыққанда, біз, жіберген сәлемделеріңізге сондай риза болдық. Жағдайымыз шүкүр, тек ауа райы бұзылғаны болмаса. Кенеттен ұратын қарлы дауылдар жиілеп кетті, алайда қозғалысымызды үзбей келеміз.

 Мүмкіндігінше шапшаң жылжып келеміз – антарктикалық циклонды озып өту қажет.

 Аспандағы сығырайған күн көзі нүкте секілденеді.

 Ал енді мынау дегеніңіз тіпті түсініксіз нәрсе: үстіден біреу бізді бақылап тұрғандай.

 17 желтоқсанның таңында көмілген көлігімізді қар астынан шығарумен болдық. Ұйқы тез тарап, бой жазып алдық.

 Новолазаревская бекетіне тура жолмен 682 км қалды...

 Жолымыздың көрінісі осындай: үстін де, астын да түгелімен қар басқан.

Ал Новолазаревскаядан ауа райы жағдайын хабарлауда: біздің ұшақжай маңайында дауыл бірінен соң бірі көтеріліп, кеше жел жылдамдығы 42 м/с-на жетті. Кешке жақын тағы циклон өтетінін болжап отырмыз. Бүкіл ұшақжай тобынан сәлем алыңыздар. Дастархан жайып күтіп отырмыз! Монша да дайын тұр. Тездетіңдер!

Оны естіген біз де асығудамыз!

Маршрут барысы жөнінде тікелей репортаждарды бақылап отырыңыздар: