Оңтүстікке айда!

Саяхаттардың бәрі бұлжытпай жоспар бойынша жүзеге асуы мүмкін емес. Біздің де экспедициямыз күтпеген жерден тиген олқылықтар кесеріне ұрынды. Алматы әуежайында бір жарым сағатқа созылған ұшақ рейсінің кешігу салдарынан, экспедиция мүшелерінің бір бөлігі Абу-Дабиде көзделген ұшақ ауыстыру уақытынан қалып қойып, Кейптаунға бүгінгі таңертеңде ғана жетті.

30 қарашаның кешінде экспедиция мүшелер командасы Антарктида құрлығындағы Новолазаревская бекетіне ұшып бару тиіс.

Артқы көріністе бізді Антарктидаға жеткізетін Ил-76 ұшағы.

Бұл кемежайдағы Panama Jack мейрамханасы.

Саяжай мен дәмді тағамдар.

Осындай шаян жәндік түскі асқа әзірленіпті.

Піскен түрі көзге жағым, дәмі де тамаша болып шықты.

Эскпедицияға қажет кейбір қосымша нәрселерді аяқ асты алуға тура келді.

Ал енді команда мүшелері толығымен жинақта!