Шымкентке жақын жерде Ақмешіт үңгірі немесе Бәйдібек шұңғымасы атты - жазира бар.
Сырттан бірнеше шақырым аумақтан ештеңе жоқ, бір де бір ағаш өспейді, десе де үңгірдің ішінде тастардың арасынан табиғаты көркем шоқ тоғай өсіп тұр. Үңгір жартаста қуыс іспетті, әктасты тау жыныстарынан пайда болған жазиралы жер. Ішкі жағынан шет жақтары киіз үйдің күмбезіне ұқсайды. Ағаштардың жапырақтары тікелей күннің көздерінен жасырын тұрғандықтан, жер бетіндегі ағаштардың жапырақтарынан өзгешелеу, түстері ерекше тоқ. Ауа-райының температурасы қаншалықты жоғары көтерілгенмен, үңгірде үнемі салқын болып тұрады.
Осы үңгір жайында не білсеңіздер, сонымен осы әңгімеміздің астынан бөліссеңіздер болады.