Саябақ Нұр-Сұлтан қаласынан 257 шақырым жерде орналасқан. Оның аймағында 14 көл: Щучье (Шортан), Бурабай, Майбалық, Үлкен және Кіші Чебачье (Шабақ) көлдері ауқымды, әрі ерекше танымал. Ең атақты жердің бірі Бурабай көлі. Көлдің маңында Оқжетпес тауы мен Жұмбақтас жартасы орналасқан. Жұмбақтас сфинкс пішініне ұқсайды. Дегенмен, түрлі қырлардан қарағанда оның пішіні жас бойжеткеннің сұлбасынан кәрі кемпірдің бейнесіне дейін өзгере түседі.
“Бурабайдың” табиғаты қылқан жапырақты ормандарымен, шоқ қайыңдарымен, Кенесары үңгірімен және Абылай-Хан алаңымен танымал.
Сіздерде Бурабайдан қандай естеліктеріңіз бар?
Алған әсерлеріңізбен түсініктемелерде бөлісе отырыңыздар!