Қатон-Қарағай ұлттық мемлекеттік саябағы Қазақстандағы ең ірі бақтардың бірі болып табылады. Саябақ "Қатон-Қарағай" ауылында, Шығыс Қазақстанның ең әсем ауданында, Ресей (Алтай Респубикасы), Қытай шекарасының Сарымсақты тауының бөктерінде және Алтай-Саян эко аймағында орналасқан. Мұнда тау шыңдары мен мөлдір көлдер, ормандар мен жайылымдар, сарқыраған өзендер мен үлкен жартастар кіршіксіз үйлескен. Ұлттық бақтың бірден үш бөлігін ормандар құрайды. Жергілікті балқарағайлар, сағызқарағайлар мен қайыңдар мемлекеттің қорғауында болғандықтан, бұл жерге ағаш құлатушы қолын тигізе алмайды. "Қатон-Қарағай" тек өзінің әсем жерлерімен ғана атақты болмай, сонымен бірге сауықтыру бұлақ көздерімен де танымал.
Рахман қайнар көздерінде, радон суына шомылу, жас маралдың қанымен емдік шараларды қабылдау және сол сияқты көптеген қызметтерімен таныс.
2014 жылы саябақ ЮНЕСКО-ның арнайы қорғауына алынған мұралар тізіміне енгізілген.
Ал сіздер "Қатон-Қарағай" ұлттық саябағында болып көрдіңіздер ме?