Техникалық альпинизм тобының экспедициясы

Спорт альпинизмде арнайы және сапалы жабдық-сайман  болуы қажетті талап. Арқан-жіптердің мықтылығы мен иілу қабілетімен, арнайы тартқыштар мен құлыптардың сенімді сапасымен биікке шығу мақсатымен қоса, спортшылардың өмірінің өзі тікелей байланыста. Тау - тас қуыстары мен жарықтарына тығып салатын қауіпсіздік саймандарды еркелетіп «френд» деп атайды.

ҚазГео демеуінің арқасында техникалық альпинизм командасы шыңға өрлеу үшін ең үздік АҚШ-да алынған құрал-саймандармен жабдықталды. Осы саймандардың кейбіреулерін назарларыңызға ұсынамыз.

Арқан-жіптер 

Баяғы кездерде альпинистің 6 метр биіктіктен құлауы өліммен аяқталатын – екпінмен түскен салмақты ешқандай жіп шыдамайтын (тауда жуан да, ұзын да арқан тасып жүру мүмкін ыңғайсыз). Қазіргі қауіпсіздік арқан-жіптердің төзімдігі әлдеқайда жоғары. Тән Шән тау-қырларында ҚазГео командасы диаметрі 10 мм, ұзындығы 60 метр және тағы бір 10,5 мм х 62 м құрайтын Tendon Чехия фирмасының динамикалық арқан-жіптерін қолданады (фото). Мұндай арқан-жіптер топты бастап алдында өрлейтін альпинисті сақтандырады. Арқан-жіп созылу қабілетіне байланысты, альпинист құлағанда созылып салмақтың екпін энергиясын басып, спортшыны омыртқа жарақатынан сақтайды. Ең бастысы – сақтандыру нүктесін дұрыс белгілеу, сонда арқан спортшы тастарға ұрынғаннан бұрын тартылып, оны жарақаттан сақтап қалады.

Динамикалық арқандармен қоса, альпинистер созылмайтын статикалық арқандарды қолданады. Оларды сүйеніш шарбақ секілді іліп, оған таянып бірінші альпинистің соңынан арнайы қысқыш-жұмар көмегімен  артқылары өрлейді. Бірақ та, Тән Шән экспедициясында статикалық арқандар көбінен қолданылмайды.

Құрал-сайман

Тауға өрлеу үшін қырдың жарына бір нәрсемен іліну қажет. Альпинист көбінесе қол-аяқтың күшімен өрлесе де (өрлеу күрделілігі бойынша осылай), кей жағдайларда жасанды тіреніш те керек. Бастысы сақтандыру нүктесіне қадалып ілініп алу.

Өрлеудегі ең ескі және белгілі амал – жартас ілгіш-қармағын қадап алу. Қадалған ілгіштің беріктігімен ешқандай басқа балама әдіс жоқ деуге болады. Алайда, қазіргі заманғы альпинизмде ілгіш-қармақтарын бұрынғыдай жиі қолданбайды. Сондықтан ҚазГео командасы ілгіш-қармақтармен қоса басқа да мынандай саймандарын алып жүреді:  

Френділер – бұл фотода көрсетілген желпіуш тәрізді нәрселер. Арнайы қармақшасын тартып, альпинист «желпіуш» қанаттарын жинап алады да, оны жарыққа тығып, «желпіушт»і қайта ашады. Френдіге түсетін қысым ауырлаған сайын, оның жүк салмағын көтеру қабілеті арта түседі. Френд (ағылшынша «дос») – альпинистердің адал досы, әрине, командалық достардан кейін! ҚазГео командасы Black Diamond, С4 моделін қолданады. Бұл, бүгінгі таңда, әлемдегі қолданыстағы ең үздік френділер.    

Тартқыштар – бұл ұштарында екі карабині бар матадан жасалған қайыс-ілмек. Тартқыштар құлаудан сақтану үшін үлкен тастарға, жартас қырларына ілініп салынатын ілгіш-қармақтарға, френділерге, арнайы ілмектерге бекітіледі. Тартқыштар арқанды түзетіп, оны қажалуынан сақтау үшін, бірінші өрлеушіні төменге тартудан сақтау үшін пайдаланылады, сонымен қатар, бөгеттерді айналып, қауіпсіз орын таңдауға көмектеседі.

Мұз құралы – фотоның төменгі жағында орналасқан титанды «тұмсықтары» шошайған екі қызыл нәрсе. Бойына сіңген эргономикалық қасиеттері мен сайлы және ұтымды жасалған конструкциясы арқасында, олар бәріне белгілі мұзжарғыштарды қолданчстан ығыстырып келеді. Мұз құралдырының ыңғайлығына және қол ілінбейтін тегіс жартас бетіне қадалып іліну қабілетіне байланысты, олар жартасқа өрлеуде кеңінен қолданылады. ҚазГео командасы экспедицияға DMM ағылшын фирмасының, Anarchist моделін алып жүруді жөн көрді.