Техникалық альпинизм тобының экспедициясы

Бүкіл әлем назары Лондон Олимпиадасындағы қазақстандық спортшыларының жоғары нәтижелерін бағалап отырған кезде, Тән Шән тауларында ҚазГео техникалық альпинизм командасының экпедициясы өз сапарын жалғастыруда. Жігіттерден жаңа ғана келген жаңалықтар мен фотобейнелерімен танысыңдар.

Маршрут 5А – Корона (4860 м) шыңының барлық алты мұнарасына траверс жасау әрекеттері осы шақта қазақстандық альпинистер үшін жүзеге аспады.  Бұл жайында хабар еткен экспедиция капитаны Леонид Крупа болды. Ауа-райы бұзылып, қар көшкіні қауіпі болғандықтан, альпинистер шыңға өрлеуін жағдайдың түзелуіне қалдыруды мәжбүр етті. 
 
Төмен түскеннен кейін біздің команда Рацек шыңында тас көшкіні астына түскен Томск альпинистеріне жәрдем беруге асықты. Ресейлік альпинистерінің біреуі бал омыртқасына жарақат алыпты. Біздің жігіттер басқа альпинистермен бірге жәбірленгенді төмен түсіруге көмегін беріп, төменде оған кәсіпті медициналық жәрдем көрсетілді. 
 
Абыройға орай, біздің жігіттер Бәйшешек шыңына асқан басқа 5А екі маршрутын (Кузьменко және Полактың) ойдағыдай өрлеп өтті. Екі күндік демалыстан кейін олар негізгі екі мақсатты іске асыруды жоспарлап отыр -  аса күрделі маршрут бойынша (Михайловтікі) жартас бойында бірнеше қону жасап, Бокс шыңына өрлеу. 
 
Еске түсірсек, бұл экспедицияның Тән Шән шыңындарына өрлеудің үшінші сатысы болып отыр. Оның әрі мақсаты осы маңайдағы климат өзгерістерін зерттеуге бағытталған қар мен мұздық сулар және өсімдіктер үлгілерін жинау.