Техникалық альпинизм тобының экспедициясы

«Мүмкіндік шегіндегі тәуекел» жобасы – Орталық Тән Шән шыңдарына ҚазГео техникалық альпинизм тобының экспедициясы басталды.

Әр экспедицияның алғашқы сатысы дайындық шараларынан басталады. Бұл саяхат та сол қалыптасқан ережеден шыққан емес. Қазіргі кезде жаттығулық жиылыстар өткізіліп, қажетті құрал-саймандармен жабдықталу және басқа ұйымдастырушылық шаралар атқарылып жатыр.

29 сәуір – 1 мамыр күндері Тамғалы-Тас шатқалында жаттығулар өткізілді. Жиылыс бағдарламасына қатысты  француздық жүйе бойынша жартастардан өрлеу күрделілігінің 6с-7б санатындағы маршруттардан өту іске асырылды. Олардың ішіне сақтандыру әдістерін жетілдіру, саймандарды қолдану икемділігін арттыру және тұрақ құру жаттығулары кірді.

 5 – 6 мамыр күндері шыңдарға өрлеу маусымы ашылды. Команда мүшелері күрделілілігі 3-а санатты маршрутымен «Октябренок» шыңына өрлеу жасады.
 
Сонымен қатар, экспедиция қатысушылары жартасқа өрлеу техникасын жетілдіру және жалпы денешынықтыру  жаттығуларын күнделікті өткізуде.
 
Спорт жаттығуларын өткізумен бірге, экспедиция мүшелері зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, қажетті үлгілерін алу мәселелерін және ғылыми жоспар сауалдарын мамандармен талқылауда
 
Жоба жаңалықтарын бақылап отырыңдар: