Техникалық альпинизм тобының экспедициясы

Альпинизммен шұғылдану спортшыдан жоғары төзімділік және оттегі жетпей, дем қысылған жағдайларда түскен ауыр салмақтарға шыдамдылық талап етеді, Сондықтан альпинстердің көбі таулық велотриптерді қосымша жаттығу ретінде қолданады.

Өткен сенбіде ҚазГео техникалық альпинизм экспедиция басшысы Юрий Дорохов 205 километрге созылған 30 сағаттық  "Алматы-Ассы-Бартоғай су қоймасы» таулы  веломарафонына қатысты.

Бәйгеге қатысушылардың төртеуі Алматыдан жұма күні сағат 19.30-да жолға шықты. Сапар мезгілі жолдың ең күрделі кесіктерін өту (биіктігі 2560 м Ассы асуына көтеріліп, таулы соқпақтармен төмен түсу) жарық кезге қарай   ыңғайластырған болатын

Таң атқанда спортшылар Түрген щатқалындағы Батай ауылынан асып, тік өрлеген жолмен Ассы үстіртіне көтеріле бастады. Таңғы сағат 9-да спортшылар маршруттың ең биік нүктесіне жетіп болды. 

Биік усудан төмен түсу жоғары өрлеуден еш оңай емес, күрт төмен түскен қиғаш таулы соқпақтарды арнайы көлік те өте алмас. 

Спортшылар жексенбіде, түнгі сағат 02.00-де Құлжа трассасына шығып, финишке келді. Қарсы алған жора-жолдастарының ұсынған ыстық шайы мен тағамдары мұндай қиын жолдан кейін аса дәмді болып көрінді..

С понедельника вся команда технического альпинизма КазГео будет продолжить свои тренировки в обычном режиме.