Техникалық альпинизм тобының экспедициясы

Өткен аптада ҚазГео техникалық альпинизм командасы Ала Арша тауларына (Қырғызстан) өрлеу әрекеттерін бастады. Маршрутқа шығу алдында жорықшылар альпинизм техникасы және құтқару жұмыстары бойынша сынақтарын тапсырған еді. Команда екі маршруттан өтіп шықты – 3Б маршрутымен Изыскатель шыңына (4400 м) және 5А Шваба маршрутымен  Бәйшешекей шыңына (4515 м). 
 
Альпинистік санаттары бойынша, 3Б маршруты өрлеуге ыңғайсыз және қауіпті, жылжу мәнерін тежелейтін кедерлі телімдерден тұрады. Қиын өрлеу кезінде тепе-теңдік қалпын сақтау үшін, альпинистер біраз күш-қайратын салуға мәжбүр болды. 5А маршруттары құрамына тірегіштері азғантай, болғанда беріксіз күрделі телімдері кірген. Олардан өту үшін қажырлық пен ширақтық қажет екен. 
 
 
Альпинистердің құтқару жұмыстардан алған сабақтары туылған қауіпті жағдайдың бірінде іске асты. Өкінішке орай, Томскіден келген альпинист маршруттың бірінде жартастан құлап, бішкектік альпинистердің айтуынша, ауыр жарақат алып, күрделі операциядан өтуге душар болды. 
 
Құтқару жұмыстарынан кейін екі өрлеу жасаған ҚазГео командасы өткен демалыс күнін жартаспен жылжу жаттығуларына арнады. Жаттығу барысында екі қатысушы құрамында өз-өзін құтқару әдістері сынақталды. Жігіттердің көңілдері көтеріңкі, талпынысы жоғары. Жақын арадағы жоспарда Корона шыңының барлық төбелерін траверс тәсілімен өту (5А маршруты). Аптаның ортасында Ыстық Көлге төмен түсіп, қысқа мерзімді демалыс жасау көзделіп отыр.
 

Қазіргі кезде спортшылар Интернет торынан тыс жерде. Маршруттардың фотолары http://vertical.kiev.ua/content/view/617/237/ сайтынан алынған.