Техникалық альпинизм тобының экспедициясы

 ҚазГео техникалық альпинизм командасы осы жексенбіде, 10 маусым күні, күрделік санаты 4А маршрутын өтіп, Октябренок шыңының Орталық бастионында кезекті жаттығуларымен шынықты. 

Кішіалматы жотасының төменгі тарамында орналасқан Октябренок шыңы Шымбұлақтан анық көрінеді. Орталық бастионның өзі Шымбұлақтан көрінбейді, алайда, «Тұюқ су» қонақ үйінен жоғары көтерілгендердің бәрі де біледі. Бастион бойымен тәжірибелі альпинистер мен жартас өрлеушілердің ең жақсы көретін маршруттарының бірі өтеді. Бұл маршрут бедері күрделі болғанымен, түгелімен еркін өрлеуге бейімделген.   

 
Маршрут бойы жүріс бағытында жартасқа шлямбур-қазықтары қағылған. Оларға альпинист қауіпсіздендіру ілмектерін тағып келе, қармақ қағуға уақытын тоздырмай, жартасты жаңа жарықтардан сақтайды.   
 
Бұл жолы қауіпсіздік құралдары іске асты – жартастар жауыннан кейін ылғал басып, спортшылар екі рет сырғанап құла жаздады. Дұрыс қойылған қауіпсіздік құралдары аман қалдырып, маршрут ойдағыдай аяқталды.