Техникалық альпинизм тобының экспедициясы

Өткен демалыс күндері ҚазГео командасының мүшесі, ғылыми бағдарламасына жауапты мамн Юрий Дорохов үш альпистер тобы құрамында Тұюқ су маңайындағы 28-гвардия панфиловшылар шыңына (4120 м) акклиматизациялық өрлеу жасады.

 
Басында қарапайым көрінген маршрут жүргенде қиын және күрделі болып шықты. Алдында жауған қалың қар күннің көзіне еріп, тау бөктерін шылқыған қар ботқасына айналдырыпты.
 
 
 
 
Қар тасқыны болар қауіпінен альпинистер арнайы қармақтары мен арқандарын қолданып, жартасқа жабысып өрледі.
 
 
 
Шың төбесі маңайын қалың тұман басып, көрініс қашықтығы 50 метрге дейін төмендеп кетті. Алайда, оған қарамастан, топ шың басына ойдағыдай жетіп, аман-есен төмен түсті. 
 
 
фото Юрий Дорохов.