Техникалық альпинизм тобының экспедициясы

9 шілде күні Алматыдан Орталық Тән Шәнға айрықша экспедиция аттанады. Қазақ Географиялық Қоғамының альпинистер командасы бірқатар қиын және қатерлі маршруттармен өтуге бел байлады. Оның алдында, Battler дискуссиялық клубында осы оқиғаға байланысты баспасөз-конференциясы өткізілді.
 
Спортпен байланысты мақсаттармен қатар, команда ғылыми бағдарламасын да орындауды көздеп отыр. Бағдарлама бойынша Алматы маңайымен салыстыру үшін, экологиялық таза таулық жердің қар мен суы және жер-топырағының үлгілері алынады.

Экспедицияның жолға шығу қарсаңында, 8 шілде күні, сағ. 19.00. Алматыдағы Астана алаңында дәстүр бойынша альпинистік слэклайн шарасы  - бос салбыраған арқандағы жаттығулар өтеді. Мұны көруге және қатысуға ниет білдіргендердің бәрін шақырамыз.