Оңтүстікке айда!

Новолазаревская (Шығыс Антарктиданың Королева Мод жері жағалауындағы Шумахер оазисі) бектетіндегі моншаны алты адамнан тұратын «Antarctic Team» командасы 43 күн ішінде салып шықты. 2007 жылдың 20 желтоқсанында Антарктикадағы алғаш орыс моншасының ашылу рәсімі өтті. «Ниетіміз шетел бекеттерінде болмаған, басқалардың бізге қызығу тартатындай нағыз орыс моншасын салу болды», дейдң Сергей Добрего.


1983-1996 жылдары «Прима» полярлық бекетінің басшысы болған, қазіргі моншаның қараушысы, Антарктида ардагері Владимир Барановтың айтуынша «Монша құрылысына жанымыз салынды. Бұл нағыз Антарктиканың рухын сіңірген монша».


Қазіргі таңда, орыс моншасы Антарктида өңіріндегі теңесі жоқ тұтас ағаштан құрылған жалғыз ғимарат. Ғимарат жобасы Ресей Рекордтар Кітабына еніп, ресми түрде Гиннесс Рекордтар Кітабына кіру кезегін күтуде.


Қазір орыс моншасы Антарктикадағы ең тамашалайтын көрнекті нысандарының бірі болып табылады. Оны шет елдердің көптеген елдердің өкілдері, ханзадалары мен министрлері және ғалымдармен жазушылар тамашалап, Антарктида жайында жазылған кітаптар мен түсірілген фильмдерде бөлек тақырыбын алуда. Моншаның тілек білдіру кітабында «Бұл монша тағы 150 жыл тұрып, поляршылардың келешек ұрпақтары алғыс айтады», - деп жазылған.