Бүгін қазақстандық экспедиция белгіленген маршрут бойынша Оңтүстік Полюстен 20 км аралықта орналасқан тұраққа жетті! Басқан қадамымыз құтты болсын! Координаларымыз: S 89'47.735 W 023'40.239 Осы жер нүктесіне біз 7 тәулік, 9 сағат, 50 минут мерзімінде жеттік. Оңтүстік Полюс бір қарыс жерде жатыр!
Енді дем басып, жайғасайық. Бәріміз де шаршап қалыппыз.
Аздап тұрақ жайында: мұнда мейрамхана да бар екен
Іші дже сайлы, қонақжайлы көрінді.
Мейрамханада антарктикалық ережелер сақталған:
Спа-салон да бар екен. Өзі кішігірім болса да, іші жылы, жел үрмейді.
Жорықтағы қорегімізден кейн мерамхана тағамдары бізге патшаның асындай көрінді
Тауық кеспесін дайындаймыз.
Астан кейін демаламыз.
Бізге жан салған тілекшілерге көп рахмет! Сіздердің қолдауыңыз жол қиындықтарынан асуға көмек етіп, бізге демеу көрсетті. Жылы сөздеріңіз бен ықыластарыңыз Антарктика суығына төзуге жәрдем болды!
Маршрут барысы жөнінде тікелей репортаждарды бақылап отырыңыздар:
— Қазақ Географиялық Қоғамының ресми сайтында
— Facebook http://www.facebook.com/kazgeokz,
— Vkontakte http://vkontakte.ru/kazgeo
— http://kazgeo.kazakh.ru
— http://twitter.com/#!/kazgeo_kz хэштег #kazgeo2011