Оңтүстікке айда!

Сапар барысында жанармай құю мәселесін шешпей, біздің автокөлік экспедициясын жүзеге асыру мүмкіндігі болмайтыны балаға да түсінікт шығар. Сондықтан маршрут жолы бойында жанармай құю нысандары ұйымдастырылды. Олар жайында біз қысқаша әңгімелеп, фотобейнелерін де көрсеткенбіз:

 

Бұл нысандар қалайша істелінді? Маршруттың белгеленген жерлеріне ұшақтан жанармайға толы бөшкелер тасталады – бір қарағанда оңай нәрсе секілді. Алайда, бұл күрделі жұмыс. Ол ұшақ пилоттарынан көз мергендігі мен жоғары кәсіби шеберлік талап етеді.  Оған коса, Антарктиканың қатаң климат жағдайларын да ұмытпаңыздар.

Бүгін сіздерге экспедициямызды жанармаймен қамтамасыз еткен Ил-76 экипажы жайында және осы операция барысы жөнінде әңгімелеп, көрсетсек деп отырмыз.

Ресей Ері атағының иесі, ұшақ кемесінің бас пилоты Есаян Рубен Татевосович – ұшақ тәжірибесі 42 жыл

Екінші пилот: Рахманов Владимир Дмитриевич

Пухков Евгений Григорьевич – штурман

Острынский Леонид Владимирович – бортинженер

Мұндай ауыр жүк тиелген күрделі ұшақ көтерілу Новолазаревская бекетінде болған емес.

Экспедиция жанармайы тиелген ұшақтың жердегі екпін алу жолы ұшу жолағын түгелімен алды.

Ұшақтан тасталған бөшкелер осылайша сәнді түрмен жерге қонып жатты:

Біздің экспедициямыздың жұзеге асуына жәрдемін жасап, жол бойы қолдау көрсеткендердің бәріне тағы да алғыс айтамыз. Мұндай көмексіз мақсатымызға жету екі талай болушы еді. Мың да бір рахмет!

Бізге осы фотобейнелерді берген Валентин Пляченкоға арнайы алғыс айтамыз.

Тікелей репортаждарды осылардан бақылап отырыңыздар: