Экспедиция саяхатын 1961 жылдың 18 қаңтарында Владислав Гербович ашқан Новолазаревская бекетінен аттанады.
Бекеттің солтүстігінен Ленинградский күмбезімен шектелетін теңіз асты мұздық ұласып жатыр. Оңтүстік жағынан 50 шақырымында 1000 м биіктікке көтерілетін материктік мұздық қалқан бөктері тірем тұр. Бекет Королева Мод Жеріндегі Ширмахер Оазисінде, Лазарев теңізінен шамамен 80 шақырым қашықтықта орналасқан.
Оазистің ауа-райы төмен температуралармен қалыптасқан континенталдық белгілерімен, күн радиациясының ықпалымен сипатталады. Бекет маңайындағы жылдық орташа температурасы −11°С, ең төменгісі −41 °C, ең жоғарғысы +9,9 °C.Полярлық түн (күн) шамамен 2 ай-ға созылады.