Мінеки, жорыққа аттандық. 4 желтоқсан күні, Гринвич уақыты бойынша 20:00 сағатта біз қонақжайлы Новолазаревская бекетін артта қалдырып, Оңтүстік Полюске бет алдық.
Бекетте Найзабек қалды. Ол 9-ы күні жолға шығу тиіс.
Жүру алдында дөңгелектердің желін шығарып, қысымын 0,4 атмосфераға дейін төмендету қажет. Бұл қалың және борпақ қарды кешуге ең ыңғайлы қалыпы.
Ал енді тура жол маршрутына шықтық. 30,32 км жолға 2,5 сағат жараттық. Биіктік деңгейі 1069 метр. Ауа температурасы – 23 градус. Ауа райы күн шуақты, желсіз.
Жеңіл полярлық түскі тамақ: антарктикалық кеспе, бір стақан ыстық су 305 килоджоуль қуатын беріп, бойға жылу таратады. Су әзірше термостан..
Мінеки - алғаш көш қонысымыз. Түскі демалыс жарияланды. Шамалы тыныққаннан кейін ілгері бағытта жылжимыз…
Қазақстандық саяхатшылар ұйқы басуда. Қазіргі биіктік деңгейі 1670 метр. Температура қалыпты – 24 градус.
Маршрут барысы жөнінде тікелей репортаждарды бақылап отырыңыздар
— на официальном сайте Казахского географического общества,
— на Facebook http://www.facebook.com/kazgeokz,
— Vkontakte http://vkontakte.ru/kazgeo
— на Блогах «Казах.ру» http://kazgeo.kazakh.ru
— в Twitter http://twitter.com/#!/kazgeo_kz хэштег #kazgeo2011